Бақытжан Сағынтаев Қаржы министірінің жұмысын сынға алды - Үкімет|14 Ақпан 2017, 12:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бақытжан Сағынтаев Қаржы министірінің жұмысын сынға алды

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Үкімет отырысында ҚР Премьер министрі Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа мемлекет қаржысының игерілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

2016 жылы өңірлерге бөлінген 2 млрд теңге игерілмеген. Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің жұмысын сынға алды. Сөздің бір ұшы Қаржы министріне де тиді.

«Қаржыны алдыңыздар. Кейін барлығын қайтадан жөндей бастайсыздар. Сіз (Бақыт Сұлтановқа – автор) Елбасыдан ескерту алдыңыз ғой. Дұрыстап жұмыс істеңіздер», - деді премьер-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер