Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-да қандай мәселелердің шешілмей жатқандығын айтты - Үкімет|14 Тамыз 2017, 17:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-да қандай мәселелердің шешілмей жатқандығын айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2015 жылы қол қойылуы қажет болған кейбір келісім-шарттарды әлі қарамаған. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

«Жұмыс қарқынын төмендетпеуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Ол бағыттағы жұмыстар бұрын басталған болатын. Мысалы, әлі күнге дейін кеме қатынасы туралы, үшінші елдермен өзара сауда-саттық жөніндегі техникалық кедергілерді жою туралы келісім-шарттарға қол қойылған жоқ. Біз оларға 2015 жылы қол қоюымыз қажет болған. Бірақ әлі бұл жұмыстар аяқталған жоқ», - деді ҚР премьер-министрі.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев алдағы уақытта талқыланатын мәселені атады. Ол – қаржы нарығын құру.


«Бізде жалпы қаржы нарығын құру туралы жобаның тұжырымдамасы бойынша әлі жұмыс қолға алынған жоқ. Кей кездері сарапшылар арасында бұл сұрақтар талқыға салынады. Менің ойымша, осыған қарамастан біз осы сұрақтар бойынша жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекет басшылары бұл жобаны әзірлеуге өткен жылдың желтоқсан айында тапсырма берген», - деп түйіндеді Үкімет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер