Бақытжан Сағынтаев: Аграршылар экспорттық әлеуетті дамытуы керек - Үкімет|20 Шілде 2017, 16:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бақытжан Сағынтаев: Аграршылар экспорттық әлеуетті дамытуы керек

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданының Новоникольский ауылындағы кездесуде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет жұмысы Қазақстанның аграрлық экспорттық өнімнің ірі өндірушісі ретінде қалыптасуы бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатта биылғы жылдың басында АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда ауыл шаруашылығына қолдау көрсетудің негізгі тетіктері қарастырылған.

Үкімет аталған саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасап жатыр. Соңғы 5 жылда тікелей мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 3 есеге артты, астық түсімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың жүйелік шаралары қабылдануда. Субсидиялаудың жаңа үлгісін енгізу нәтижесінде сапалы тұқымдарды егу мен тыңайтқыштарды қолдану көлемі 1,5 есеге өсті.

«Азық-түлік корпорациясы» АҚ экспорттық әлеуетті арттыру үшін сыртқы нарықтарда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету бойынша оператор ретінде қайта құрылды. Мемлекет басшысының уағдаластықтықтарының арқасында шетелдік нарықтар ашылуда, соның қатарында ҚХР, БАӘ, Иран және т. б. бар.

АӨК саласында мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістері оңтайландырылып жатыр, құжаттардың мерзімдері мен тізімдері қысқартылуда, қосарланушы рәсімдер жойылуда. Биыл субсидиялардың үш түрін тағайындау үдерістерін автоматтандыру көзделген, келесі жылы жұмыс субсидиялардың қалған 15 түрі бойынша аяқталады.

АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын бірінші жартыжылдықта іске асыру қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов баяндады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайтылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,1%-ға, егіншілік шаруашылығы - 2,2%-ға ұлғайтылды. Осы кезеңде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 7,5%-ға өсті.

Облыста АӨК дамыту туралы СҚО әкімі Қ. Ақсақалов баяндады. Кеңестің өзекті тақырыптары бойынша «Мәмбетов және К» ТС бас директоры Е. Мәмбетов, ҚР Ет одағының төрағасы М. Бақтыбаев, ҚР Картоп өсірушілер және көкөніс өсіруші одағының төрағасы Қ. Бисетаев, ҚР Фермерлер одағының президенті Ә. Дарынов, «Қазақстанның шошқа өсіру шаруашылықтары одағы» Қауымдастығының төрағасы В. Лим, «Зенченко және К» ТС директоры Г. Зенченко сөз сөйледі.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер импорт пен экспорттық саясат бойынша, мал шаруашылығындағы ветеринарлық қауіпсіздік, егін шаруашылығындағы субсидиялау мен сақтандыру, дизельдік отынмен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын енгізді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеңес қорытындысын шығара отырып, ҚР ұлттық экономика министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге салық салу мәселесін пысықтауды, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялау тетіктерін жетілдіре түсу мәселелерін бақылауға алуды тапсырды. «ҚазАгро» холдингіне аграршылар ұсынған инвестициялық жобаларды қарау тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер