Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламаны басқару кеңесі құрылады – вице-министр - Үкімет|19 Маусым 2018, 11:28
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламаны басқару кеңесі құрылады – вице-министр

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік бағдарламаны басқару кеңесі құрылатын болады, оның құрамына Үкіметтің кейбір мүшелері кіреді. Басқарушы кеңеске Ұзақ мерзімді салалық және сабақтас бағдарламаларды бекіту құқығы беріледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарламаны басқару кеңесі құрылатын болады, оның құрамына Үкіметтің кейбір мүшелері кіреді. Басқарушы кеңеске ұзақ мерзімді салалық және сабақтас бағдарламаларды бекіту құқығы беріледі. Алғаш рет мемлекеттік бағдарламаның жобасында саяси лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін бекіту көзделген. Сонымен қатар, Сараптамалық кеңес және Мемлекеттік бағдарламаны басқару офисі құрылмақ. Жоба тәсілі үкіметтік құжаттарды әзірлеу және келісу кезіндегі бюрократиялық кедергілер проблемасын шешуге, қабылданған шешімдердің икемділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр арнайы салалық бағдарламаның қалай жүзеге асатынын айтып берді.

«Ал енді жаңағы аталған арнайы салалық бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтсем. Ет шаруашылығын дамыту бағдарламасының негізін отбасылық фермалар құрайды және ол ірі қара мал бордақылау алаңдарынан және ет өңдеу кешендерінен тұратын біріккен (зәкірлік) кооперация түрінде жасалады», - деді Евниев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін вице-министр қазір жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің жылдық экспорты 1,4 млрд АҚШ доллары болса, тек қана ет өнімдерін экспорттауды 2,6 млрд долларға жеткізуге болады, деп мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер