Астананы ғана дамытумен шектелмеу керек – сарапшы - Үкімет|24 Шілде 2017, 11:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астананы ғана дамытумен шектелмеу керек – сарапшы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Елордада өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» форумының аясында Энергетика мәселелері бойынша Еуропалық комиссия бас директорының орынбасары Герассимос Томас Астананың «ақылды қалалар» қатарына қосылу мүмкіндігіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астананың бұл салада әлеуеті жоғары. Себебі, жаңа қала өзінің инновацияға жақын екендігін көрсетті. Қазақстан билігінің аталмыш саланы дамытуда әлеуеті жоғары. Бірақ Астананы ғана дамытумен шектелмеу керек», - деді ол.

Осы орайда шетелдік сарапшы Қазақстанның басқа қалаларында инновациялық технологияларды дамыту маңызды екендігін атап өтті.

«Басқа қалаларды жаңғыртуға, олардың ре-инновациясына, тұрғын үйлердің энергия үнемділігіне, құрылыс жүргізу барысында таза экологиялық шешімдерді табуға да назар аудару қажет», - деді Герассимос Томас.

Оның айтуынша, энергия үнемділік тек ғимараттармен шектелмейді. Оны кез келген салада қолдануға болады.

«Энергия үнемділік тек ғимараттар мен қалаларға қатысты емес. Оны кез келген салада: ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесте пайдалануға болады. Сондай-ақ, энергия үнемділікті қоғамның игілігіне айналдыруға болады. Мысалы, күнделікті өмірде тұрғындар күннен қуат алатын күн панельдерін және оны азаматтар тағы басқа салаларда пайдалана алады», - деп түйіндеді сөзін шетелдік сарапшы.

Айта кетейік, Астанада Еуро одақтың энергетика күндері аясында «Болашақ энергиясы» атты халықаралық форум өтуде. Форум 24-25 шілде аралығында өтеді. Шараға беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік әрі қазақстандық ғалымдар қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер