АШМ африкалық доңыз обасына қатысты түсініктеме берді - Үкімет|16 Мамыр 2017, 13:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

АШМ африкалық доңыз обасына қатысты түсініктеме берді

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Ресейдің Самар облысында африкалық доңыз обасы туралы ақпарат тараған. Алайда бұл қауіпті індет Қазақстанда тіркелмепті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстанда ешқашан африкалық доңыз обасы тіркелмеген. Ауру ошағы тіркелген жағдайда халықаралық ұйымдар оның ішінде халықаралық эпизодиялық бюро дер кезінде ақпарат таратады. Яғни барлық елдерге тиісті хабар жіберіледі. Қазақстанға бұл індет жайында ақпарат уақытында келді. Сондықтан Ресей өңірлерінен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастау бірден тоқтатылды», - деді вице-министр.

Айта кетейік, Жақында Ресейдің Самар облысында африкалық доңыз обасының ошағы тіркелген. Аталмыш облыстың губернаторы Николай Меркушкин аталмыш індетпен күресу үшін тиісті шараларды қолға алған. Салдарынан 530 доңыздың көзі жойылған. Қазіргі таңда аталмыш өңірде жарияланған карантин алынып тасталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер