А.Мұхамедиұлы Кейкі батырдың бас сүйегі Венгрияға неге бизнес-класпен жеткізілмегенін түсіндірді - Үкімет|01 Қараша 2016, 11:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

А.Мұхамедиұлы Кейкі батырдың бас сүйегі Венгрияға неге бизнес-класпен жеткізілмегенін түсіндірді

Фото: Хабар

Бүгін үкімет отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Кейкі батырдың бас сүйегі Венгрияға не себепті бизнес-класспен жеткізілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін Үкіметте вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Кейкі батырдың бас сүйегіне қатысты комиисия отырысы өтеді. Сол жерде бәрі талқыланады. Кейкі батыр – біздің мақтанышымыз. Осы шараны аяғына дейін жеткізу үшін комиссия жиналып жатыр. Ол комиссия құрамына Мырзатай Жолдасбеков, Серік Ақылбаев секілді мықты ғалымдарымыз, депутаттарымыз кірді», - дейді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Мажарстанға Кейкі батырдың бас сүйегі эконом-класс ұшақпен жеткізілген. Министр мұның себебін де түсіндіре кетті.

«Біз батырдың бас сүйегін шетелде зерттеу үшін қаражат жағынан көмектесіп жатырмыз. Кейкі батырдың бас сүйегін зерттеуге ғалымдарымыз алып барады. Ал олардың эконом немесе бизнес-класспен ұшуын біз реттемейміз.Бизнес-класпен ұшса, негізі, заңбұзушылық болып табылады. Егер қазір Орталық музейдің директоры бизнес класпен ұшса, онда барлығыңыз оның себебін сұрап шыға келесіздер», -дейді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер