«Алтын белгi» иегерлерi ҰБТ-дан босатылмайды - Үкімет|22 Қараша 2016, 11:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Алтын белгi» иегерлерi ҰБТ-дан босатылмайды

«Алтын белгi» иегерлерi ұлттық бiрыңғай тестiлеуден босатылмайды. Бұл туралы бүгiн Үкiметте ҰБТ-ның жаңа форматы талқыланған отырыста ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

"...«Алтын белгi» иегерлерiн және түрлi конкурстар мен олимпиадалар, ғылыми жобалардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн ҰБТ-дан босату ұсынылды. Бiз бұл ұсынысты қолдамадық. ҰБТ-ны бәрi тапсыруы керек деп есептеймiз", - дедi Е.Сағадиев.

Тек жоғары оқу орнына түсер кезде бiрдей балл болған жағдайда, мемлекеттiк грант «Алтын белгi» иегерiне берiледi.

Айта кетейiк, 2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта өтедi. Мектепте оқушылар емтихан тапсырып, қорытынды аттестациядан өтедi. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер