BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыдағы барлық жер үйге газ келіп тұр – Байбек

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Алматы агломерациясының іске асырылу барысын баяндаған қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Бауыржан Байбек қала агломерациясы құрылған жоспарға сай орындалып жатқанын айтты.

«Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, неғұрлым маңызды бағытта – экология, көлік, туризм және қауіпсіздік бойынша нақты жобалар қамтылған Алматы агломерциясының 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді жаңа жоспарын әзірледік. Оны тиісті министрлікке жолдадық. Бірақ жоспар жобасының соңғы үлгісі әлі келісілмеді. Жобаның соңғы үлгісіндегі шараларды жеткілікті дәрежеде қаржылай қамтамасыз ету керек. Агломерацияның жоспарына сәйкес Алматы облысының әкімдігімен тиісті жұмыстар жүріп жатыр», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол Алматы айналма жолының құрылысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген мерзімге дейін аяқталатанын жеткізді.

«Үлкен Алматы айналма жолына 6 радиалды жол салуға қаржы қарастырып, оны 2024 жылға дейінгі белгіленген мерзімін қысқартып, Елбасының белгілеген 2020 жылға дейін аяқтауды ұсынамыз», - деді әкім.

Осы орайда, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 100 процентпен газбен қамтамасыз етуде бірінші Алматыны газдандыру мәселесін сұрады.

«Бізде жалпы газды жер үйлерге дейін жеткіземіз. Газ бағасы қымбат болған соң, ол үйлер қабылдамай жатыр. Қазір 4 компаниямен осы мәселені шешіп жатырмыз. Жер үйлерге газ түгел жетіп тұр», деп жауап берді Байбек жеке үйлердегі жылу жүйесі газбен я болмаса көмірмен жылытылады ма деген Сағынтаевтың сұрағына.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер