Әкімдердің халық алдында есеп беру кездесуіне министрлер де қатысады - Үкімет|07 Ақпан 2017, 16:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әкімдердің халық алдында есеп беру кездесуіне министрлер де қатысады

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдер мен министрлерге Қазақстан азаматтары алдында беретін есептеріне мұқият дайындалуды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министр Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, биылғы жылдың 15 ақпанынан бастап өңір әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жұмыстары басталатынын еске салды. Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен сыни ескертпелерінің басым бөлігі әкімдердің жұмысына да қатысты екенін атап өтті. Сол себепті, есеп беру кезінде осы мәселелерді көтеріп, түсіндіріп, олардың шешілу жолдары туралы халыққа ақпарат беру керек.

«Бұдан өзге, сіздің өңірдің тұрғындарын мазалап жүрген өзекті мәселелер де қаралуы тиіс. Мұнда ресми тәсіл болмауы керек», - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, үкімет басшысы әкімдердің алдағы есеп беруіне министрлердің де қатысатынын айтып өтті.

«Министрлер де аталған есептерге дайындалуы керек, өңірлердегі бағдарламалық құжаттардың орындалуына талдау жасап, ағымдағы жағдайды біліп, артта қалып келе жатқан бағыттардың жұмыстарын күшейту шараларын ұсынуы қажет. Қатысу қорытындыларыңыз бойынша, құрметті министрлер, маған есеп бересіздер», - деді Б.Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер