BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Абзал Нүкенов вице-министр лауазымынан босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы берілген өтінішке сәйкес дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz басылымына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» 28.06.2018 жылғы №707 Жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды. Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы — сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер