Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында «Қазақстан Темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев айтты.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында «Қазақстан Темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев айтты.
Биыл 17 млн теміржол билеті сатылған.
«Жолаушыларды тасымалдау саласында клиентке жағдай жасалған. Осы жылдың 9 айында 17 млн-нан астам билет, соның ішінде 11 млн-нан астам электронды билет рәсімделді. Жылдың соңына дейін электронды билет сатуды 75 %-ке жеткізу жоспарланып отыр», - деді компания басшысы.
Қанат Алпысбаев компанияның 2022 жылға дейін дамыту стратегиясы бекітілгенін айтты.
«Компанияда ақпараттық технологияларды 2022 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленді және бекітілді. Маңызды жобалардың ортақ саны анықталды. Осы жобалардың белгілі бір бөлігі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енгізілген. Цифрландыру кеңсесі құрылды. Жобаларды мезгілінде орындауды және мақсатты деңгейге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз», - деп қорытындылады Қанат Алпысбаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!