Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында «Қазақстан Темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев айтты.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында «Қазақстан Темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев айтты.
Ол елдегі теміржол саласында цифрландырудың қалай жүріп жатқанына тоқталып өтті.
«Цифрландыру компания қызметінің барлық бағытын: теміржол инфрақұрылымын, жүк, мультимоделділікті және жолаушылар тасымалын қамтиды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «АСУ» магистраль жобасы аясында 6 мобильді диагностикалық кешенді қамтиды. Оның үшеуі желтоқсан айының ортасында, қалғаны 2019 жылдың ортасында жұмысын бастайды», - деді компания басшысы.
Компания басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 456 жүк станциясы іске қосылған.
«Жүк тасымалы саласында клиенттер санын арттыру шеңберінде жүктерді дер кезінде жеткізді. Шекарадан өту ресімдері және басқа теміржол әкімшілерімен электронды деректер алмасуды қамтамасыз етудегі міндеттер өзекті болып отыр. Қазіргі кезде барлық жол тасымалдаудағы жұмыстарды автоматтандырылған жүйесі іске асырады. Барлық 456 жүк тиеу станциясы толық іске қосылды. Республика үшін қатынастардың жоспарын беру және бекіту уақытын 11 сағаттан 5 минутқа дейін, экспорттық қатынаста 35 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқарту қарастырылған. Ресей, Қытай, Әзербайжан және Қырғызстан электронды ақпарат алмасуы заңдастырылды. Сонымен қатар, 2019 жылы Тәжікстан және Өзбекстанмен электронды ақпарат алмасу жоспарланып отыр», - деп айтты Алпысбаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!