2018 жылдан бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты төленеді – Еңбек министрлігі - Үкімет|07 Тамыз 2017, 17:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2018 жылдан бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты төленеді – Еңбек министрлігі

Фото: sck

2018 жылдың 1-ші шілдесінен бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы мөлшері 2 рет көбейді. Біріншіден инфляцияға байланысты 9%-ға, ал 1-шілдеден бастап 11%-ға өсті. Нәтижесінде базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы мөлшері 31 245 теңгені құрап, 2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша базалық зейнетақы алушылардың саны 2 млн 111 мың 609 адамды құрады. Ынтымақты зейнетақы алушылардың қатары 2 млн 99 мың 638 адамды межеледі», - деді ол.

Сонымен қатар Светлана Жақыпова келер жылы зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты төленетінін айтты. Оның айтуынша, азаматтарға осы өзгерістерді түсіндіру керек.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірлерге шығып, азаматтармен кездесудеміз. Бір айта кететін жайт, негізі 1998 жылдың 1-ші қаңтарына дейін ынтымақты еңбек өтілі саналатын. Ал 1998 жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысы бар жарналарды аударған жылдар есепке алынады», - деді вице-министр.

Осы орайда ол зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірді.

«Қазіргі таңда базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей аударылады. Ал 2018 шілдің 1 шілдесінен бастап, азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Мысалы, адам 35 жыл еңбек етті делік. Оның зейнетақы жарналары бар. Соған байланысты азаматтың зейнетақысы бір реттік төменгі күнкөріс деңгейі көрсеткішімен бірдей болады. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда 14 мың 466 теңге десек, ендігі жылы бұл толық бір реттік төменгі күнкөріс деңгейімен бірдей, яғни 24 450 теңгені құрайды», - деді министрдің орынбасары.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 1 шілдесінен 2,1 млн зейнеткер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге жоғарылайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер