Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілісте Қазақстанның 2017 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік экономикалық болжамын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілісте Қазақстанның 2017 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік экономикалық болжамын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«2017 жылы номиналды ІЖӨ 49 трлн 740,6 млрд. теңге көлемінде болады деп болжанады. Ол тамыз айында белгіленген көрсеткіштен 1 трлн 348,8 млрд теңгеге артық. Жан басына шаққандағы ІІӨ 8 391,5 АҚШ долларына жетеді»,– деді Сүлейменов.
Оның айтуынша «өңдеуші өнеркәсіптің 2,6 -% өсімін есепке алып, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімі 3 % өсіммен қайта қаралған.
«Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2017 жылы 81 млн тонна мұнай өндіріледі. Экспорт бойынша болжам 4,9 миллиардтан 45,1 миллиардқа дейін, импорт 3,6 млрд доллардан 32,7 млрд долларға дейін өсті. Инфляция деңгейі бұрын бекітілген 6-8 % деңгейінде қалды», – дейді Ұлттық экономика министрі.
Сүлейменовтің мәліметінше республикалық бюджет кірісі (трансферттерді есепке алмағанда) 2017 жылы 4 трлн 891.9 млрд теңге көлемінде болмақ.
«Бұл бұған дейін белгіленген көлемнен 553,7 млрд теңгеге көп. Ал 2017 жылы бюджет шығысы 11 трлн 176,4 млрд теңге. Ол бұрынғы көрсеткіштен 2 трлн 615,1 млрд теңгеге артық. Бюджет тапшылығы 969,8 млрд теңгеден 1 трлн 547,9 млрд теңгеге дейін артады», – дейді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!