Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген Үкімет отырысы барысында еліміздің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджетінің орындалу параметрлері қаралды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген Үкімет отырысы барысында еліміздің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджетінің орындалу параметрлері қаралды, деп хабарлайды Baq.kz.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндағандай, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджет кірістері 1,3 трлн теңгеге немесе 25% өскен. Бұл Ұлттық қордан ақша алуды 370 млрд теңге сомасына азайтуға мүмкіндік берді. Шығыстар 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге артық жүргізілген. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджеттегі үнем 110 млрд теңгені құрады.
Қаржы ведомствосының айтуынша, жыл басындағы мәліметтерге сәйкес бюджеттің барлық деңгейлерінде қомақты касса қалдықтары бар. Бұл биылғы жылдың басында барлық басымдықты шығыстарды кідіріссіз қаржыландыруға және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген әлеуметтік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
2016 жылы республикалық бюджеттің де, жергілікті бюджеттердің де барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалды. Сонымен қатар, өткен жылы 472 млрд теңге бөлінген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жылдық бөлігі толық жүзеге асырылды.
«Заңдастыру науқаны аяқталды. 5,7 трлн теңге заңдастырылды, бұл бастапқы болжамдардан біршама артық. Өткен жылы жалпы сомасы 31 млрд теңгеге 147 нысан жекешелендірілді», - деп түйіндеді сөзін қаржы министрлігінің басшысы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!