2016 жылы мектеп пен балабақша құрылысына 57,4 млрд теңге бөлінген – Тимур Сүлейменов - Үкімет|14 Ақпан 2017, 12:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2016 жылы мектеп пен балабақша құрылысына 57,4 млрд теңге бөлінген – Тимур Сүлейменов

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында балабақша және мектеп құрылысына 57,4 млрд теңге бөлінген. Ол қаражат толығымен игерілген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында білім саласында инфрақұрылымды дамытуға аса көңіл бөлініп отыр. Яғни 2018 жылы үш ауысымдық мектептерді толығымен жою міндеті тұр. Елімізде 110 білім ошағы салынып жатыр. Оның 91-і мектеп, 19-ы балабақша. Ал осы 52 білім ошағы пайдалауға берілді. Нақтырақ айтсам, ол 35 мектеп пен 17 балабақша. Осы мақсатқа 2016 жылы Ұлттық қордан 57,4 млрд теңге бөлінген. Ол қаражат толық игерілді», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер