2016 жылы елімізге 11 мың қандасымыз оралды – Иманғали Тасмағанбетов - Үкімет|25 Қараша 2016, 18:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2016 жылы елімізге 11 мың қандасымыз оралды – Иманғали Тасмағанбетов

Биыл Қазақстанға 11 мың қандасымыз оралды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 есеге көп. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан VII азаматтық форумда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сіздердің назарларыңызға тағы бір бағытты ұсынамын. Ол Қазақстанға оралып жатқан отандастарымызды әлеуметтендіруге қатысты. Яғни, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасында жүзеге асырылмаған мүмкіндіктер көп. 2016 жылы елге 11 мың отбасы оралды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 есеге көп. Біздің қандастарымызға көмек керек. Ол: құжаттарды рәсімдеу, оқыту, әлеуметтік бейімделуге қатысты. Осы сұрақтарда ҮЕҰ-дардың атқаратын рөлі жоғары», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін форум ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында VII азаматтық форумы өтуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер