BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

10 жылда 80 мың отбасылық ферма, 100 млн га жайылым, 15 млн ірі қара малға дейін ұлғайтамыз – АШМ

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы он жылда елдегі отбасылық фермалар мен жайылым жерді, ірі қара мен қой санын арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында вице-министр Арман Евниев айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, АШМ 2028 жылға дейін Қазақстанда 80 мыңнан астам отбасылық ферма құрып, қой санын 15 млн-нан 30 млн-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«Алдағы он жылда ірі қара мал, қой және жылқы шаруашылығымен айланысатын 80 мыңнан астам отбасылық ферма құру, пайдаланылатын жайылымдар алаңын 58 млн. гектардан 100 млн. гектарға кеңейту, ірі қара малды 15 млн. басқа дейін, ал қой санын 30 млн. басқа дейін ұлғайту көзделіп отыр», - деді ол.

Министрлік осы көрсеткішке жету үшін арнайы жоба ұсынған болатын. Оның аясында ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

«Жобаға қатысушылар үшін көптеген қолдау шарттары көзделетін болады, олар: жер учаскелерін бөлуде басымдық беру, фермерлік шаруашылықтарға мал басын, техника мен жабдық сатып алуға жеңілдікпен (15 жылға 4 пайызбен) несие беру, жайылымдарды суландыру үшін 80 пайыздық субсидия беру сияқты шаралар қарастырылған», - деді вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер