Зуқа батырдың кенже ұлы дүниеден озды - Түркия қазақтары|26 Қараша 2016, 21:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зуқа батырдың кенже ұлы дүниеден озды

2016 жылы, 26 қараша күні таңға жақын, атап айтқанда сағат 06.30 мөлшерінде Ыстамбұлда тұратын Зуқа батырдың кенже ұлы 90 жастағы Сауат Шетин қажы өмірден озды. Жаназасы ертен бесін намазында Гүнешлі Казаккент Алтай мешітінде оқылады деп хабарланды.

Жаназаға Зуқа батырдың Германия, Франция, Австрия және Қазақстан секілді елдерде тұратын ұрпақтары келіп жатыр.

Сауат қажы атамыз інісі Қизат қажымен Алтайға барып кезінде атасының бейітін жасатқан еді. Зуқа батырдың ен кеңже ұлы болып табылатын Сауат қажының Гүнешлі ауданындағы отбасылық бейітке жерленетіні мәлімделді.

Сауат қажы атамыздын қазасына байланысты жақын туыстарына көніл айтып қайғыларына ортақтасамыз. Марқұмнын алды иманды арты қайырлы, барған жері ұжмақ болғай.

Естеріңізде болса биыл Зуқа батырдың туғанына 150 жыл толу мерекесі аталып өткен болатын. Әкесінің мерейтойын өз көзімен көріп өткен Сауат қажы биыл 90 жасқа толған еді.

Суретте: Сол жақтағы ақ такиялы Сауат қажы және ағасы Қизат қажы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер