Зиярат туризмін дамыту үшін археологияға көңіл бөлу қажет – Мұхамедиұлы - Туризм|24 Қыркүйек 2018, 16:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зиярат туризмін дамыту үшін археологияға көңіл бөлу қажет – Мұхамедиұлы

Фото: интернеттен

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Өзбекстан секілді зиярат туризмін дамыту үшін ең алдымен археологияға назар аудару қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алдыңғы аптаның ішінде Түркістан қаласында Елбасының қатысуымен жиналыс болады. Сонда кеңінен ауқымды бағдарлама дайындап жатырмыз. Мүмкіншіліктерді пайдалана отырып осы бағытта Шымкенттен шығып, Сайрам, Отырар, Арыстан-Баб, Түркістан, Сауран, Сығанақты жалғастырып, жалпы айтқанда туристік маршрутты жасауымыз қажет. Оның ішінде зияраттық туризмге бүкіл дүние жүзі қызығып отыр. Қожа Ахмет Яссауиге жылына бір милионнан астам азамат барады. Біздің мақсатымыз бүкіл дүние жүзіндегідей 10 есеге көбейту. Қазір зиярат етуші азаматтар өте көп», - деп атап өтті министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, мұндай туризмді дамыту үшін ең бірінші кезекте археологияны дамыту керек, ал археологияға бөлінетін қаржы тым аз.

«Егер археологияны, қалпына келтіру жұмыстарын дамытпайтын болсақ Самарқанд, Бұхара, Хиуа туралы айта береміз. Археологияға жылына қанша қаржы бөлінеді деген сұраққа кім де-кім жауап беретін шығар. Өте кішкентай цифр, айтуға да келмейді. Туризмді дамыту үшін ең бірінші археологиямен белсенді айналысып, сосын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін ғана туристерге «Отырардан Әл-Фарабидің кітапханасын таптық, Сарайшық Алтын Орданың алғашқы астанасы болған» деп жар сала аламыз. Сарайшықта қазу жұмыстары енді ғана басталса біз оларды қайда апарамыз? Сол себепті депутаттар, сіздер халықтың дауысысыздар, талап ете аласыздар. Бірақ біз де өзара байланыс, қолдау болса дейміз. Бұдан бөлек жақында бюджетті талқылайсыздар. Сонда археология туралы кішкене ғана қатар бар. Қарап көріңіздер, өтінемін», - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер