Жарты жылда Қазақстанға 4 млн астам турист келген - Туризм|17 Қыркүйек 2018, 09:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жарты жылда Қазақстанға 4 млн астам турист келген

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанға 4,1 млн турист келген, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар-маусым айларындағы мәліметпен (ол кезде - 3,5 млн адам) салыстырғанда, 21,8% өскен.

Сонымен қатар, жарты жыл ішінде елден 4,9 млн адам кеткен (өсім 7,1%). Ал отандық курортта демалуды таңдағандар саны 2,4 млн қазақстандықты құрап отыр (өсім 7%).

Статистикалық мәлімет бойынша, елдегі қонақ үйлер, демалыс үйлері мен шипажайлар саны 2,1 мың данаға жеткен. Онда 68,7 мың нөмір бар және олардың жалпы сыйымдылығы 159,9 мың жатын орынды құрайды.

Жарты жыл ішінде қонақ үйлер 2,2 млн адамды қабылдаған және 44,7млрд теңге табыс көрген. Орналастыру бойынша қызмет көрсету көлемі жыл басынан бері салыстырмалы бағада 4,6% ұлғайған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер