Вице-министр: Қазақстанға электрондық визалар енгiзу керек - Туризм|13 Желтоқсан 2017, 18:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Вице-министр: Қазақстанға электрондық визалар енгiзу керек

Қазақстанға электрондық визаларды жылдамдатып енгiзу керек. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрi Ерлан Қожағапанов Туризм жөнiндегi кеңестiң бiрiншi отырысында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Туризм саласындағы әлемдiк бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингiнде Қазақстан позициясы өте төмен. Бiз 136 мемлекеттiң арасында 81-орындамыз және Ресей, Грузия мен Әзербайжан сияқты көршi елдерден бiршама артта қалып отырмыз. Осы рейтингтегi «халықаралық ашықтық» өлшемшарттары бойынша 113-орында екенбiз. Бұған күрделi визалық режим әсер етiп отыр. Мысалы, бiзде электрондық виза жоқ, әлi күнге дейiн көшi-қон карталары әрекет етедi. Сондай-ақ, әлемде қазақстандық туризм ақпараттық жағынан дұрыс қамтылмай отыр. Қазiр 65 елге визасыз режим бар. Дегенмен, шетелде қазақстандық визаны алу қиын. Сондықтан, жақын арада басқа елдер үшiн тездетiп электрондық визалар енгiзу керек», – дедi Қожағапанов.

Вице-министрдiң айтуынша, 2013 жылы Әзірбайжан электрондық визаларды енгiзiп, шетелдiк туристер санын 3,5 есеге арттырып алды. Сондай-ақ, ол ЭКСПО–2017 көрмесi кезiнде елiмiзде қолданылған «ашық аспан» саясатын қайтару керектiгiн айтты.

Атап өтсек, бұған дейiн Ерлан Қожағапанов елiмiзде туризмдi дамыту үшiн қара нәсiлдi туристердi саусақпен көрсетудi қою керек деген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер