Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында ҚР кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында ҚР кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды.
«Бірінші шара ол – туристік инфрақұрылымды, туристік ресурстарды дамыту. Елімізде табиғаты көркем, бай орындар жетерлік. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Мемлекет барлық туристік дестинацияға бір мерзімде қаржы бөле алмайды. Сол себепті біз халық көп баратын 10 дестинацияны таңдап алдық», - деді бағдарламаны әзірлеген жұмыс тобының үйлестірушісі Еркебұлан Хасенов.
Бағдарламаның екінші міндетінде туристік нысандарды барып көру үшін көліктің қолжетімділікті болуын қамтамасыз ету. Бұл міндетке жол салу, жөндеу, әуе бағыттарын субсидиялау, әуе және темір жол билеттерінің бағасын арзандату шаралары кіреді.
«Халықаралық тасымалдаушылар бізге келуі үшін әуе кеңістігімізді либерилазациялауымыз қажет. Осының арқасында билет құны арзандауы мүмкін. Әуе керосині билет бағасының 30-40 процентін құрайды. Сол себепті бағаны мемлекеттік реттеу болуы тиіс. Қазақстанда әуе керосинінің бір тоннасы – 900 доллар. Бұл Франкфурттағы бағадан 1,5 есе қымбат. Баға төмендемесе бізге ешқандай халықаралық тасымалдаушы келмейді. Сол себепті біз басқа да мемлекеттік органдарға, әсіресе Энергетика министрлігіне осы мәселені қарастырып, мемлекеттік дәрежеде баға реттелсе дейміз. Бұл бағаны төмендетудің бір ғана шарасы», - деді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!