BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Туризм саласында жұмыс істейтіндердің санын 1 млн адамға жеткізу көзделіп отыр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумы аясында қөткен салалық кездесуде Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмін дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы баяндады.

Оның айтуынша бүгінгі таңда Қазақстанда туризм саласында 450 мың адам жұмыс істеп жатыр. Олар әуе компаниялары, темір жол, қонақ үйлер, тур қауымдастықтарда қызмет істейді. Бүгінде бағдарлама туризм саласында жұмыс істейтін 450 мың адамның санын1 млн дейін арттыру үшін әзірленіп отыр.

«Экскурссия жетекшісі туралы осы бағдарламамызда да, туризм заңында да толық атап кеттік. Бізде туризм бойынша білім беретін 60 оқу орын бар. Бірақ өкінішке қарай, Елбасы айтып кеткендей университет бітіргеннен кейін бала жұмыс таба алмаса, бұл институт дұрыс білім бермеген деген сөз. Біз бұл мәселені де көтеріп отырмыз, гид мәселесі де өте маңызды. 2025 жылға дейін осы бағдарламаны жүзеге асырамыз. Ол бағдарламада мұндай кемшілік болмайды. «Рухани жаңғыруды» білетін, тарихи жерлерді, батырларымызды, жалпы тарихты білетін гидтер көбейеді. Білім сапасы жоғары болады деп сенеміз», - деді вице-министр.

Қожағапановтың айтуынша, бағдарлама туристік қауымдастықтармен тығыз жұмыс істеудің нәтижесінде әзірленген. Сондай-ақ ол бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаржы қайдан бөлінетінін атап өтті.

«Туристік қауымдастықтармен жұмыс істеуге ешқандай ақша бөлінбеді. Бірақ бағдарламада бюджеттен инфрақұрылымға бөлінетін қаражат бар. Екінші жағынан бизнес қосады. 20 пайыз бюджеттен, 80 пайыз бизнестен бөлінеді. Сондықтан туристік өнім пайдалы да, жемісті болады», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер