Туристерге арналған call-орталық пайда болады - Туризм|25 Қыркүйек 2018, 17:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Туристерге арналған call-орталық пайда болады

Фото: интернеттен

Қазақстанға келетін шетелдік туристерге арналған call-орталық пайда болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Call-орталық бізге керек. Шетелдік туристерге елімізге келген кезде көмек қажет болады. Сол кезде жанында гид болмаса, бір өзі ғана жүрсе олар кімге жүгінеді? Сол себепті әуежайда «Welcome to Kazakhstan», «welcome to Astana» немесе Шымкент деген секілді call-орталық туралы бірнеше тілде жазылған көңілді хабарламаларды көретін еді. Бұдан бөлек call-орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкер бірнеше тілді меңгеруі қажет. Ағылшын тілін жетік білуі тиіс. Қалған әлемдік бес тілді, соның ішінде қытай, үнді тілдерін тұрмыстық деңгейде білуі қажет. Туристің барлық сұраққа жауап бере алуы тиіс», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер