Студенттер Қазақстан мен Ресей туралы шағын сериал түсіреді - Туризм|25 Сәуір 2017, 10:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Студенттер Қазақстан мен Ресей туралы шағын сериал түсіреді

Фото: Baq.kz архивінен

Ресейдегі ЖОО-лардың бірінің студенттері Қазақстан мен Ресей туралы шағын сериал түсіреді, деп хабарлайды Baq.kz Today.kz-ға сілтеме жасап.

Екатеринбургтегі Орал федералды университетінің студенттері Қазақстан мен Ресейдің қалалары туралы шағын сериал түсіруді жоспарлауда. Жобаның авторлары шетелдік студенттердің Қазақстан туралы не білетіні жөнінде түсірілген роликтің үзіндісін көрсетті.

Студенттер бұл идея болашақта Қазақстандағы студенттік туризмді дамытуға септігін тигізеді деп отыр.

«Біз Қазақстан жайында тарихшылар немесе экскурсия жетекшілері айтқаннан гөрі Ресейде оқитын немесе басқа елдерден келген студенттердің айтқаны едәуір жақсы деп ойлаймыз. Олардың кейбірі Қазақстанның астанасында болса, кейбіреулері сол жердің тұрғындарымен таныс, ал тағы біреулері олар туралы басқа бір жерлерден естіген. Бірақ, олардың өзі киіз үй, ең тәтті ет пен олардың қонақжайлығы туралы біледі. Бұл роликті көргендер Қазақстан туралы одан сайын білгісі келіп, интернетті ақтаратыны сөзсіз. Тіпті, оларда Қазақстанға бару туралы ой да пайда болуы мүмкін», - дейді аталған университеттің бірінші курс студенті Юлия Осадчева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер