ШҚО-да жаңа туристік кешен пайда болады - Туризм|02 Қараша 2018, 09:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ШҚО-да жаңа туристік кешен пайда болады

Астана, BAQ.KZ. “Ертіс” ӘКК” ҰК” АҚ сайтының мәліметінше, туристік кластерді дамыту бойынша ірі жоба бар, деп жазады altaynews.kz.

Онда Бұқтырма суқоймасында кешен салу көзделген. Бұл туристік кешен алты базадан тұрады. Басты базасы суқоймадағы Гусиный аралында, қалған бес «филиалы» Бұқтырма суқоймасы мен Зайсан, Марқакөл көлдерінің айдындарында орналасады.

Жоба авторлары аталмыш кешеннің бірегей болатынына сенімді. Себебі ол балық және аң аулайтын орындары бар жерлерді қамтиды. Сондай-ақ, Жоңғар кезеңіндегі көне қорғандарға экскурсия жасау, емдік қасиеті бар бастау бұлақтарына бару секілді қызметтер де көрсетіледі.

Жобаның жүзеге асыру 2021 жылға жоспарланған. Құны 21 миллиард теңгені құрайды.

Қазіргі таңда қонаүй кешенін орналастыратын ғимарат дайын тұрған көрінеді. Туристік кешен пайдалануға берілгеннен кейін жылына төрт мыңнан астам жолдама сатылады деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер