Шетелдік 80 туроператор Астананы аралады - Туризм|19 Қараша 2017, 10:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шетелдік 80 туроператор Астананы аралады

Елордада «Welcome to Astana» ақпараттық туры аясында шетелдік және отандық туроператорлар үшін диалогтық алаң құрылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС ұйымдастырған турға Қытайдан, Ираннан, ТМД елдерінен 80 туроператор қатысып, отандық операторлармен қарым-қатынасты орнатып, бірқатар келісімге келді.

«Welcome to Astana» ақпараттық турының алғашқы екі күнінде біз Астанадағы қонақ үйлерді, медициналық, ғылыми білім, спорт, мәдени нысандарды араладық. Қазақстан астанасының «Бәйтерек», «Нұр-Әлем» сияқты бірегей ғимараттарында болып қайттық. Туризм саласы бірлескен жұмысты талап етеді. Ол қалалар, елдер арасындағы достықты нығайтып, адамдарды жақындастырады», - дейді ресейлік экскурсия жетекшісі Вера Попович.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС-нің бас менеджері Әсел Қарбаеваның айтуынша, Астанада қазіргі таңда туризм саласының түрлі бағыттарын дамыту шаралары қолға алынып отыр.

«Біздің қалада оқиғалық туризмді дамытудың зор мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда Астананың әлеуеті зор. Өйткені бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның астанасын бейбітшілікке бастайтын орта ретінде таниды. Халықаралық деңгейде орын алып жатқан шиеленістер осы жерде шешіледі десем, қателеспеймін. Осындай халықаралық форумдар, конференциялар және басқа да шараларға көптеген туристер келуі мүмкін. Мысалға, жер жүзіне танылған мамандардың шеберлік сағаттарына қатысқысы келетін бар. Туризмнің аталмыш бағытын дамыту жұмыстарына алдағы уақытта көп көңіл бөлінетін болады», - деп атап өтті Әсел Қарбаева.

«Welcome to Astana» ақпараттық туры үш күнге созылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер