Семейде туристерге арналған автобустар құрастырылады - Туризм|04 Қараша 2018, 16:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Семейде туристерге арналған автобустар құрастырылады

Фото: 24.kz

Астана, BAQ.KZ. Семейдегі машина құрастыру зауыты көліктің өзге де түрлерін шығаруға көшті. Бұл турал 24kz сайты хабарлайды.

Енді кәсіпорын туристерге арналған автобустарды құрастыра бастайды. Қазір жоба құжаттарын сертификаттау жұмыстары қолға алынған.

«Алғашқы автобустар келер жылдан бастап пайдалануға беріледі. Себебі көліктің осы түріне сұраныс жоғары», - дейді мамандар.

Отандық үлгідегі көлік құрастыратын зауыт жылына 1200 көлік жасап шығарады. Келешек те электробустар құрастыру өндірісі жолға қойылмақ.

«Туристерге арналған автобустар екі және бес есікті болып, люкс нұсқада құрастырылады. Көліктің осы түрін қалаішілік және қалааралық жолаушы тасымалына қолдануға болады. Заман көшінен қалмай, келешек электробустарды да жасап шығару жоспарда бар. Бұл жоба таяу екі жылда жүзеге асады», - дейді автоқұрастыру зауыты бас директорының орынбасары Марат Мәкішев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер