Саяхатшылар «Сарыарқа» бағыты бойынша жолға шықты  - Туризм|20 Тамыз 2018, 10:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Саяхатшылар «Сарыарқа» бағыты бойынша жолға шықты 

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін Kazakh Tourism ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала еліне саяхат» жобасының «Сарыарқа» бағыты бойынша төртінші экспедициясы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақ туризмі мен «QazaqGeography» Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы өзара ынтымақтастық меморандумы төңірегінде жүзеге асырып отырған экспедиция 20 тамыздан 4 қыркүйекке дейін созылады.

«Біз 16 күн ішінде 4,5 мың км жүріп, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралаймыз. Ең маңызды туристік орындарды көреміз, мәдени-тарихи мұрасы бар нысандарды, табиғи қорықтарды тамашалаймыз. Экспедиция қорытындысы бойынша бірнеше жұмыстар жасалады. Біріншіден, туристік орындар болып табылатын нысандардың тізімі жасалады және осы нысандардың инфрақұрылымын арттыру үшін және туристерді көптеп тарту үшін қандай шаралар қабылдау керектігі туралы ұсыныстар әзірленеді. Екіншіден, табиғи, тарихи, мәдени нысандарды одан әрі жарнамалауға арналған фото және видеоматериалдар жиналады. Үшіншіден, біз бұл нысандар туралы әлеуметтік желі арқылы айтатын боламыз. Себебі, 27 адамнан құралған экспедиция құрамында фотографтар, журналистер, саяхатшылар, блогерлер бар. Біз жол талғамайтын көліктермен туристердің көбінің аяғы баспаған, көбі біле бермейтін, аса таныс емес жерлерге де баратын боламыз», - «QazaqGeography» РҚБ-ның Халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері, экспедиция жетекшісі Нұржан Алғашев.

Оның айтуынша, бүгін жолға шығатын экспедиция бағытындағы бірінші нысан – «Бұйратау» ұлттық паркі болып отыр.

«Егер, нақты бағдар жайында айтар болсақ, біз қазір жолға шыққаннан «Бұйратау» ұлттық паркінде тоқтаймыз, одан соң «Баянауыл» ұлттық паркіне барамыз. Менің ойымша, бұл - Қазақстандағы ең әсем орындардың бірі. Онда Жасыбай, Торайғыр өзендері бар. Одан соң «Қарқаралы» ұлттық паркіне, Ортау, Ұлытау тауларына қарай бет аламыз. Сонымен қатар, Алашахан мавзолейі, «Көкшетау» ұлттық паркі секілді орындарда да боламыз. Міне, біз барлық осы нысандарда болып, олар жайлы толық айтып береміз деп сенемін», - деген ол экспедицияның басты мақсаты елдегі туризмді насихаттау мен қолдау екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер