BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Саяхатшылар Қазақстан табиғатының сұлулығын 15 минутта көрсетіп шықты

Фото: massaget.kz

Таяуда ғаламторда Қазақстанның кең-байтақ даласы түсірілген шағын фильм жарияланды. Оны Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, автошеру жасаған Қарағанды қаласының 4 тұрғыны түсірген екен.

Саяхат 15 күнге созылыпты. Осы уақыт ішінде саяхатшылар еліміздің 10 облысына барып, 9 мың шақырым жол жүрген.

Қарағандылық саяхатшылар түсірген фильмге Алакөл, Қорғалжын, Наурызым, Барсакелмес қорықтары, Шарын ұлттық табиғи паркі, Қорқыт кесенесі және т.б. еніпті. Фильм Қазақстан табиғатын шетелдіктерге таныстыру мақсатында түсірілген.

el.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер