Сарыағаш ТМД-ның үздік курорттарының алғашқы бестігіне кірді - Туризм|29 Мамыр 2017, 10:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сарыағаш ТМД-ның үздік курорттарының алғашқы бестігіне кірді

ТурСтат агенттігі ТМД мен Грузияның осы жылғы ең танымал сауықтыру курорттарының рейтингін жариялады. Тізімнің бестігіне Қазақстанның оңтүстігіндегі Сарыағаш курорты кірген, деп хабарлайды Baq.kz.

ТМД мен Грузияның танымал бальнеологиялық және сауықтыру курорттарының алғашқы бестігіне қазақстандық Сарыағаш та кірді. Рейтинг қонақ үйлерді онлайн-брондау жүйесінің мәліметтері негізінде жасалған.

ТМД мен Грузияның ең үздік сауықтыру курорттарының бестігі:

  • Нафталан (Әзербайжан)
  • Нарочь (Беларусь)
  • Сарыағаш (Қазақстан)
  • Джермук (Армения)
  • Кобулети (Аджария)

Тұру, тамақтану және сауықтыру процедураларын қоса алғанда, бұл курорттарда демалудың орташа құны – бір адамға тәулігіне 42 доллар. Демалыс ұзақтығы орташа есеппен – 14 күн.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер