Safari Shardara халықаралық фестивалі басталды - Туризм|26 Қазан 2018, 14:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Safari Shardara халықаралық фестивалі басталды

Фото: ernur.kz

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шардара су қоймасында Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Safari Shardara халықаралық фестивалі басталды.

Облыстық туризм басқарма басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков фестивальдің қандай мақсатта ұйымдастырылып жатқанын түсіндірді.

«Safari Shardara фестивалі аясында саятшылар, түйе жарысы қазақша күрес, гир көтеру, бөренеге өрмелеп шығу, қошқар көтеру секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Сондай-ақ джиптер және мото шеру, желкенді қайық, ескек есу жарыстары өтеді. Шараға Өзбекстан, Моңғолия, Германиядан келген спортшылар бар. Мақсатымыз өңірдегі туристік әлеуетті арттыру», - деді ол.

Сонымен қатар саятшылық өнерін әлемге насихаттап жүрген Айшолпан Нұрғайыпқызы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді.

«Фестифальге Моңғолиядан келдім. Осында өнер көрсетемін. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған», - деді бүркітші қыз.

Сонымен қатар шара аясында әншілер, цирк өнерпаздары мен акробаттары өнер көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер