BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейлік саяхатшылар Үстірт шоқысы туралы ролик түсірді

Ресейдің «Ковчег» экология орталығының қатысушылары Маңғыстау табиғатының әсемдігін жарты сағаттық видеоға сыйдырды. Саяхатшылар видеоны октокоптердің көмегімен 4К стандартында түсірген, деп хабарлайды Baq.kz.

Бір топ ресейлік саяхатшы ғаламторда «Үстірт шоқысы. Мәңгілік лабиринті» атты жаңа фильм жариялады.

«Елдің батысында орналасқан Үстірт шоқысының көз тартар сұлулығын көкте қалықтаған құстың көзімен тамашалауға болады»,- дейді ролик авторлары.

Саяхатшылар бірегей кадрды түсіру үшін екі айға созылған үш экспедиция жүргізген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер