BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Qulager-Burabay суы Бурабайдың медициналық туризмін дамытуға көмектеседі

Астана, BAQ.KZ. Ақмола облысының Туристік ассоциясы», «Демалыс пен туризм индустриясының ассоциясы» мен «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекеттік «Щучинск-Бурабай шипажай аймағының ішкі құрылымын дамыту» және «Щучинск-Бурабай шипажай аймағының бейнесін қалыптастыру» атты бағдарламалары бойынша Ақмола облысының әкімшілігі қатысуымен қазақстандық минералды Qulager-Burabay суына «Бурабай шипажайының ресми суы» атты лауазымды беру үшін Ақмола облысының Туристік ассоциясы», «Демалыс пен туризм индустриясының ассоциясы» мен «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның арасында серіктестік туралы келісімге қол қою ресми салтанаты өтті.

Щучинск-Бурабай шипажай аймағы өзінің керемет мүмкіндіктеріне қарамастан шипажайлық мерзімі өте қысқа. Бұл жағдай оның дамуына кедергі етеді. Ол болса, бүкіл аумақтың бизнес субъктілерінің дамуына мүмкіндік бермейді. Әлемге әйгілі Карловы Вары, Ессентуки, Боржоми шипажайларының тәжірибелеріне таянсақ, қабылдау мерзімін ұзартуға керекті мөлшерде саяхатшылар мен қонақтарды қарату үшін сумен емдеуді қамтамасыз етіп және ішкі құрылымды дамыту қажет.

Ал енді Бурабай аймағын халықаралық деңгейге көтеру үшін мемлекеттік ЩБША дамыту бағдарламасы 2020 жылға дейін шаралар жиынтығын жоспарлауда, оның ішіне осы аймақтың минералды суы – Qulager-Burabay кірді.

Ақмола облысының әкімінің орынбасары Марат Иғалиевтің айтуынша: «Щучинск-Бурабай аймағын жыл бойы жұмыс жасайтын шипажайға айналдыру Ақмола облысының туризмін мемлекеттік дамыту стратегиясының бағыттарының бірі болып табылады. Бұл үрдісті орнынан қозғау үшін шипажайлық емдеуді дамыту қажет. Оның ішіне минералды сулармен жасалатын процедулары кіреді. Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның және Германияның мамандарының бағалауы бойынша минералды Qulager-Burabay суының емдік қасиеті ішкі, әрі сыртқа қолдануға жарамды. Ақмола әкімшілігі Бурабайға келген қонақтар демалудан басқа халықаралық шипажайлардағыдай минералды сулармен толық емдеу кезеңін өте алу мүмкіндігінің болуына ынталануда. Ал, Qulager-Burabay суымен 15 жыл бойы Президент ісі басқармасының «Оқжетпес» ЕСК-сі тиімді қолдану тәжірибесі бар».

Қазақстандық минералды Qulager-Burabay суы 1991 жылдан бастап Бурабай аймағында табылып, еліміздегі алып кәсіпорынның пайда болуына алып келді. Оның құрамында табиғи белсенді йод пен селеннің сирек кездесетін байланысы бар, әрі құрамындағы минералды заттардың болуы адам ағзасындағы 8 функционалдық жуйелеріне емдік әсер береді.

Серіктестік келісім бойынша Ассоцияциялардың құрамына кіретін Щучинск-Бурабай шипажай аймағының санаториялары және туристтік орындар Qulager-Burabay минералды суымен қамтамасыз етіліп тұрады. Сонымен қатар, «Көкшетау Минералды Сулары» шипажайларға табиғи емдік-асханалық минералды Qulager-Burabay суының емдік шараларында қолдану туралы кепілдемелік әдістемені беруге уәде береді және сумен емделу туралы кепілдемелік әдістемені қолдануды медицина қызметкерлеріне үйретеді. Ассоциация өз тарапынан мейманханалармен, қонақуйлермен, шипажайлармен ұсынылған тізім беріп тұрады. Дәл осы орындарда табиғи емдік-асханалық минералды Qulager-Burabay суымен сауықтандыру бойынша емдік бағдарламасы өтетін болады.

Серіктестік туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі «Көкшетау Минералды Сулары» төңірегінде өтті. Кездесудің соңында қонақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Qulager-Burabay-дың өндірістік құю тізбегіне экскурсия өткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер