BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оралбек отандық туризмнің дамуына мүдделі

Қазақстанның ішкі туризмін дамыту керек. Ол үшін ең бірінші кезекте инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасына көңіл бөлінуі тиіс, - дейді белгілі кәсіпкер Оралбек Ботбай. Меценат өзінің бұл мәлімдемесіне, бүгінде туризм арқылы мемлекет қазынасының бір бөлігін жауып отырған Мысыр, Түркия секілді елдерді мысал ретінде келтіріп отыр, деп хабарлайды Baq.kz. тілшісі.

Тауық жылын отбасымен бірге жылы жақта қарсы алған кәсіпкер Оралбек Ботбай, егер біздің елде де туризм, қызмет көрсету сапасы дәл осылай дамыған болса, мен ақшамды өз елімнің экономикасына құйған болар едім. Өкінішке қарай, бізде әлі атқарылуы тиіс бірқатар шаруалар бар дейді, ол. Қазір меценат Мысыр елінде демалыста жүр.

«Түрлі саяси тұрақсыздықты басынан өткерген Мысыр елінде туризм тұрақты дамып жатыр. Қызмет көрсету сапасы өте жоғары деңгейде. Шетелдерден келген туристерге барлық жағдай жасалған. Біздің елде де Мысырдан кем емес жерлер өте көп. Мысалы, Оңтүстік өңірдің әлеуеті өте жоғары. Елбасының өзі ішкі туризмді басты назарда ұстап отыр. Сондықтан, бізге де ел ішіндегі курорттық аймақтарды дамытсақ өте жақсы болар еді», - дейді Оралбек Қожамжарұлы.

«Құрмет» орденінің иегері, белгілі меценат туризмді тамытудың жолдарын бұған дейін де айтқан болатын. О.Ботбай Вьетнам, Түркия, БАӘ секілді туризмі дамыған, инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасы жоғары елдерден инвестиция тартып, бірқатар шаралар атқарған болатын. Әлі де осы бағытта жұмыс істейтінін айта келіп, бұл ең бірінші кезекте мемлекетке тиімді екеніне тоқталды.

«Ол үшін келіссөздер жүргізу керек. Инвестициялар тарту керек, туризмге мемлекеттік қолдау керек, сонда келген инвестицияның уақытылы қайтуына кепілдік болады. Ең бастысы, туристердің елге келгенінен мемлекет ұтады. Бұл бірінші кезекте - әлем алдында біздің елдің жағымды имиджін қалыптастырады, екіншіден – экономикалық пайдасы артады. Қазынаға қосымша қаржы түседі», - дейді кәсіпкер.

Ал биылғы өзінің Мысырдағы демалысына қатысты айта келе, жалпы өзін сыйлайтын азамат, қаржылық мүмкіндігі болса, ел аралап, жер көріп қайтқаны жөн. Бұл әр азаматтың білім көкжиегін кеңейтіп, көзін ашады дейді ол. Осы жолы жомарт меценат, белгілі кәсіпкер Оралбек Ботбайды жаңа қырынан, яғни үлгілі әке, қамқор отағасы ретінде де таныдық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер