«Өлке тарихы – Ел тарихы» фотокөрмесі Бурабай өлкесінде - Туризм|16 Тамыз 2018, 21:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Өлке тарихы – Ел тарихы» фотокөрмесі Бурабай өлкесінде

Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен Бурабай өлкесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Өлке тарихы – Ел тарихы» тақырыбында көшпелi фотосурет көрмесi ұйымдастырылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Көрменің жастарды патриотизмге тәрбиелеуде берер тағылымы өте мол. Аталған көшпелi фотосурет көрмесiнiң ерекшелiгi – 17 аудан мен 2 қаланың тарихынан сыр шертіп, өңірдің әрбiр ауданы мен ауылына дейiн жететіндігі. Сондай-ақ, Бурабай жерiндегi ата-бабалар мен танымал, тарихи тұлғалардың өткен өмiрiнен, тұрмыс–тiршiлiгiнен мәлiмет береді. Тарих қойнауына қарай жетелейтiн бұл фотосуреттер өз құндылықтарымен ерекшеленедi.

Жылжымалы көрмеге ауданның белгiлi азаматтарымен қатар қала тұрғындары, арнайы шақырылған қонақтар қатысқан. Сонымен қатар, жалпы саны екі жүзден аса адам тарихи суреттерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер