ОҚО туроператорлары үш мемлекетпен 10 келісімшарт жасасты - Туризм|02 Мамыр 2017, 18:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО туроператорлары үш мемлекетпен 10 келісімшарт жасасты

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында туристік бизнес өкілдері мен шетелдік туроператорлар бас қосқан дөңгелек үстел өтті. Алдағы жұмыс жоспарлары талқыланған жиын қорытындысы бойынша Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген мамандар мен өңірдің бизнес өкілдері өзара ынтымақтастықты арттыру аясында 10 келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Құжаттар негізінде, тараптар туризмді өзара тиімді дамытуға, керекті ақпарат пен тәжірибе алмасуға, бірігіп ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруға міндеттелді.

Еске салсақ, сәуір айының 25-29 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіншіліктерін халықаралық нарықта арттыру мақсатында ақпараттық тур өткен-ді. Қытай (3 туроператор), Қырғызстан (5 туроператор) және Өзбекстаннан (10 туроператор) келген туроператорлар бес күн ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының басты 3 бағытымен – тарихи-мәдени, емдеу-оңалту, экологиялық бағыттарымен танысты. Онда қонақтар Түркістан шаһары мен Отырар ауданындағы тарихи орындарды, Сарыағаштағы сауықтыру орталықтарын, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі демалыс аймақтары мен Шымкенттегі қонақ үйлерді аралады.

Аймақтың сан қырлы табиғатымен танысқан шетелдік қонақтар күнгейдің тамаша табиғатына сүйсініп, облыс орталығы – Шымкенттің әсем сәулетіне зер салған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер