BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

National Geographic елорданың іргесіндегі Бозоқ қалашығы туралы видео жариялады

Фото: kazakhstan.travel

National Geographic Ресей журналы Бозоқ қалашығы түсірілген видео жариялады. Бұл видеоны осыдан бір жыл бұрын белгілі блогер Виталий Перов түсірген болатын, деп хабарлайды Baq.kz.

Бозоқ қаласы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бозоқты көлінің шығыс жағында, Есіл өзенінен өтетін дәстүрлі өткел - Қараөткелден оңтүстік-шығыс бағытқа қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі кезде бұл археологиялық нысанның аумағы Астана қаласының шеңберінде қалған. Бұл археологиялық ескерткіш үш бөліктень – орталық және шет жағындағы екі бөліктен тұрады. Олардың әрқайсысы орлармен, бөгеттермен қоршалған. Осы орталықтан 70 метр солтүстікке қарай жер үй кейпіндегі тұрақтар, құдықтар және өзеннен тартылған егін суаратын арықтар орналасқан. Орталықтан 40 метр оңтүстікке қарай қыш кірпіштен құйылған мазарлар мен кесенелердің қалдықтары сақталған. Археологиялық ескерткіштің төртінші құрылымы қаланы шығыстан солтүстікке қарай қоршаған қорғандар мен орлардан тұрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер