BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

Мұхтар Құл-Мұхаммед туристік орындар туралы жарнаманы жиі көрсетуді ұсынды 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Осы орайда сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед телеарнаарда Қазақстан аумағында тыйым салынған шетелдік жарнамаларға берілген уақытты еліміздің туристік орындары туралы жарнамалармен толтыруды ұсынды.

«Қазақстанның кабельді телеарналар жарнамасында, әсіресе Ресей, Еуропа телеарналарының Қазақстанда көрсетілетін жарнамалары біздің аумақтан алынып тасталады. Бұл дұрыс. Өйткені жарнамаға сол жақта төлейді. Бізде ол басқа контентпен толықтырылуы керек. Ол дұрыс нәрсе. Бірақ «Еуроньюс» болсын, Ресей арналары болсын сол екі аралықта толтыратын жарнамаларымыз сапасы жағынан сын көтермейді немесе екі минуттық аралықта бір жарнама 3-4 рет көрсетіледі», - деді сенатор.

Мұхтар Құл-Мұхаммед сол уақыт аралығында Қазақстанның туристік орындары туралы жарнамаларды көрсетуді ұсынды.

«Ғажап жерлеріміз жөнінде жарнамаларды сол аралыққа салатын болсақ біз бір жағынан туристік орындарымызды насихаттаймыз. Екіншіден, көрермендердің уақытын сыйлаймыз. Үшіншіден, Қазақстан жайлы жағымды ақпарат таратамыз. Кабельді телеарналарға жарнама орналастыруды кім қадағалайды?» - деп сұрады Сенат депутаты Ұлттық экономика бірінші вице-министрінен.

Руслан Дәленовтың айтуынша, заң жобасыны телерадио хабар тарататын операторлар шетелдік телерадио бағдарламаларын ретрансляциялаған кезде прайм-таймда шетелдік жарнаманы жібермеу мәселесі қарастырылған.

«Дегенмен әлеуметтік жарнама, болмаса тікелей эфирдегі жарнама болса ерекшелік сақталады. Кабельді арналарға бұл тыйым салынған. Шетелдік жарнаманың орнын отандық өніммен толтыру туралы айтар болсақ, бұл Мәдениет және спорт министрлігінің құзыретінде. Осы мәселені Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қадағалайды. Мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы мәселені талқылап жатырмыз. Олар туризмді дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатыр. Соның ішінде қалай және қандай көлемде қаржыландырылады, туристік орындар туралы жарнаманы қазақстандық және отандық арналардан көрсету туралы жазылған», - деді вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер