Министр «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағына салынатын қаржы сомасын айтты  - Туризм|01 Ақпан 2018, 11:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағына салынатын қаржы сомасын айтты 

Бүгін «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағының әлеуетін дамыту таныстырылымы өтті. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы 2020 жылға дейін аймақты дамытуға қанша қаржы бөлінетінін мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында туристер ағынын ұлғайту және сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм жолдарындағы барлық кедергілерді жою тәрізді перспективалық табыс көздерінен туризмді дамытудың жаңа бағытын айқын белгілеп берді. Осы орайда Қазақстан туризмді мақсатты емес экономиканың тиімді саласы ретінде трансформациялаудың алғашқы қадамын жасап отыр», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Ол туризмнің жаһандық дағдарыс кезеңінде де әлемдік экономиканың қарқынмен дамып жатқан саласының бірі екенін, туризм әлемдік ЖІӨ құрылымының 10%-ын құрайтынын атап өтті. Оның айтуынша, әлемде әр оныншы жұмыс орны осы салаға тиесілі. Әлемде жыл сайын туризмге салынатын инвестиция көлемі 800 млрд АҚШ долларына тең.

«Былтыр 2023 жылға дейінгі туризмді дамытудың жаңа концепциясы қабылданды. Өңірлер арасында серіктестік орнату арқылы туризмді кластерлік дамыту көзделіп отыр. Алдыңғы қатардағы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып Қазақстандық туризмді дамту тариxында алғаш рет мемлекеттік деңгейде «Kazakh Turism» Ұлттық компаниясы құрылғанын атап өткен жөн», - деді министр.

Арыстанбек Мұxамедиұлы «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағын дамыту жоспарына тоқталды.

«Щучинск-Бурабай» курорттық аймағы бұл жылдам дамып келе жатқан Қазақстанның ішкі туризмінің маржаны. Бұл аймақтан 2017 жылы жеке инвестицияларды тарту арқылы ұлттық экономикамызға 5 млрд теңге табыс түсті. Бүгінде 2020 жылға дейін «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағын дамытудың үшінші кезеңін жүзеге асыруға 61 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының жартысы жеке инвестициялар есебінен екенін атап өтсем. Осы орайда негізгі мақсат Four Seasons концепциясы бойынша курорттық аймақтың төрт туристік маусымда да әлеуетін арттыру болып отыр», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер