BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытай туристерін тарту үшін олардың тілі мен дәстүрін білуіміз қажет – Юлия Якупбаева

Қазақстанға қытайлық туристерді көптеп тарту үшін олардың тілін, дәстүрін де меңгеруіміз керек. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай форумы кезінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Келесі аптада Қазақстан мен Ресей арасында форум өтеді. Ал бүгінгі форум Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмге арналған. Аспанасты елінің туристері топтасып, Қазақстанға келуге дайын. Қытай баспасөзі өткен жылы 120 миллион қытайлықтың туристік мақсатта шетелге шыққанын жазды. Олар сол елдердің туризміне 100 млрд доллардан астам пайда түсірген. Бұл еуразиялық нарықтың жартысына тең. Қазақстандық өндірушілер болса, Еуропа нарығына шыққысы келеді. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасында меморондумға қол қойылған еді. Ол келісімде Қытай азаматтарының елімізге топтық туристік саяxаттарын жеңілдету болатын. Әзірге бірнеше топ болып 300 адам келді. Мәліметтерге сәйкес, топ болып келген 100 турист Шығыс Қазақстаннан 2,5 млн теңгеге әртүрлі сувенир сатып алған», - дейді Юлия Якупбаева.

Оның айтуынша, келесі жыл Қазақстандағы Қытай турзимі жылы болып жарияланған. Енді шығыстағы көршілеріміздің көптеп келуі үшін олардың дәстүрін меңгеруіміз қажет екен.

«Біз бүгінде ресейлік туристерді қабылдаудамыз. Ағылшын тілді туристерді күтуге дайынбыз.Ал қытайлық туристерді қабылдау үшін белгілі бір деңгейде дайындық керек.Қытай тілін меңгеріп қалдық. Енді олардың дәстүрін білуіміз керек. Қытайлық туристердің қайта келуі үшін барлығына дайын болуымыз қажет. Сол үшін бүгінгі форумды өткізіп отырмыз. Шараға туристік бизнестің 200-ден астам өкілі қатысуда. Негізі 350 адамды шақырмақшы болғанбыз. Алдағы уақытта мұндай форумдарды тағы да өткізетін боламыз», - дейді ҰКП өкілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер