Қазақстанның саяхатшылары бас қосты - Туризм|21 Сәуір 2018, 16:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның саяхатшылары бас қосты

Қазақстан бойынша саяхаттар, Оңтүстік полюс экспедициясы, Непал, Үндістан, Норвегия елдеріне сапарлар мен Эверест шыңына шығу туралы оқиғаларды естуге 200-ден астам адам келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі.

Сонымен, Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында KITF 2018 «Туризм және саяхат» қазақстандық халықаралық көрмесінің аясында Almaty Travel Fest 2018 Қазақстан саяхатшылар форумы өтті.

Форумды QazaqGeography ұлттық география қоғамы бірқатар демеушілердің көмегімен ұйымдастырды.

Айта кетейік, Almaty Travel Fest саяхатшылар форумы – ол саяхатты жақсы көретіндерді, кәсіпқой саяхатшыларды, трэвел-фотографтарды, трэвел-блогерлер мен журналистерді, спортшыларды, белсенді тынығуды жақсы көретіндер мен турбизнес өкілдерін біріктіретін алаң.

«Іс-шара Қазақстанның ең әдемі жерлері, велосипедпен саяхаттау, К2 сегіз мыңшы шыңына шығу, сондай-ақ Алтай, Исландия мен Тибетке сапарлар туралы айтатын кәсіпқой саяхатшылардың сөз сөйлеуі түрінде өтті», - делінген ұлттық география қоғамының хабарламасында.

Кәсіби саяхатшылар ең жарқын және ұмытылмас сапарлары туралы тыңдаушыларымен ой бөлісті.

«Нұржан Алгашов әрбір адам болуы тиіс Алтайдан Маңғыстауға дейінгі, Баянауылдан Көлсайға дейінгі Қазақстанның ең әдемі жерлері туралы айтып берді. Евгения Ким саяхатшыларға логистика, кемпингтердегі жайластыру мәселелері және жұмбақ Исландия бойынша саяхаттаудың өз лайфхактары туралы сыр шерті. Альпинист Сергей Бродский 2005 жылы альпинизм бойынша Қазақстан құрамасының К2 тауына жасаған экспедициясы мен үлкен биіктікке көтерілу кезіндегі саяхатшылардың тап болған қиыншылықтары туралы айтып берді. Зарина Мастикбаева түркі халықтарының мәдениет бесігі болып табылатын Алтайға саяхаты туралы сыр шертті. Ал белгілі велосипедші Андрей Габченко өзінің сапарлары және сүйікті бағыттары туралы бөлісті», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Almaty Travel Fest алғашқы форумы 2017 жылдың желтоқсан айында өтті және көптеген оң пікірлерді жинады.

Ал, осы басқосуға Қазақстан бойынша саяхаттар, Оңтүстік полюс экспедициясы, Непал, Үндістан, Норвегия елдеріне сапарлар мен Эверест шыңына шығу туралы оқиғаларды есту үшін 200-ден астам адам келді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер