Қазақстанға туроператорлар үлкен қызығушылық танытып отыр – Мұхамедиұлы - Туризм|18 Қыркүйек 2018, 11:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанға туроператорлар үлкен қызығушылық танытып отыр – Мұхамедиұлы

Туризмге салынатын сыртқы және ішкі инвестиция көлемі артып келе жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Щучинск-Бурабай» курорт зонасы, Алматы аймағы, Шығыс Қазақстан облысының туризмі дамып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін туризм туралы заң мен туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасын таныстыруымыз қажет. Биыл Алакөл, бурабай секілді туристік объектілерде аншлаг болды. Мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын көреміз. Алдағы уақытта осы бағытта дами түскіміз келеді. Елбасы Бурабай, Алакөл, Маңғыстауға сапарында, Түркияға барғанда туризмнің маңызды бағыт екенін атап өтті. Туризм әлемдік мастшабта экономиканы дамытатын негізгі сала болып отыр», - деді Мұхамедиұлы.

Ол Қазақстан бойынша турларға қызығушылық өте көп екенін атап өтті.

«Форумға алдыңғы қатарлы туроператорлар келіп жатыр. Сол үшін міндетті түрде артынан келісімдер болады. Бүкіл дүниежүзі туристік салада бұдан да ауқымды халықаралық шараларды өткізіп жатады. Қазақстанда осындай шараларды кеңінен өткізу керек. Алғашқы қадамдарды жасап жатырмыз. Бірақ алдағы біздің мақсатымыз өте зор. Қазақстан дүние жүзінде туризм саласындағы алдыңғы қатарлы ел болсын деген мақсатымыз бар. Оған жетуге мүмкіншілік көп. Қазақстан саяси және халықаралық келісім бойынша тұрақтылықты сақтап отырғанын мақтанышпен айтамыз. Бұл туризмның дамуына үлкен әсер етеді», - деп сөзін түйіндеді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер