BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасы пайда болуы мүмкін

Елімізде туризмді дамыту бағдарламасы дайындалатын болады. Бұл туралы Қазақстан-Қытай туристік форумында «Атамекен» ҰКП-сының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

«Осы жылдың тамыз айында бұрыңғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтың алдында осы салаға қатысты сұрақтарды көтерген болатынбыз. Кеше жаңа Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаева осы мәлеген қатысы ведомство аралық үкіметтік жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Жұмыс тобын Асқар Мамин (Премьер-министрдің бірінші орынбасары – ред. )басқаратын болады. Келесі аптада біз туризм саласын дамыту бағдарламасын талқылайтын шығармыз. Бұл мәселеді барлық жағын қарастыру керек. Мысалы, виза, кеден, миграциялық қызмет және автомобиль жолдары, қандай жеңілдіктер болуы қажет деген сұрақтарға жауап табылуы шарт. Туризм мемлекет тарапынан барлық қолдауға ие болуы керек», - деді төраға.

Сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы өңірлерде шағын және орта бизнесті дамытуда туризмнің де қосар үлесі зор екендігін айтты.

«Жыл басында өңірлік палатарға жергілікті әкімдіктермен бірігіп, туризмді дамыту жол картасын жасау тапсырылған болатын. Мұндай жұмыс Алматыда атқарылды. Бұл жобаға мемлекеттік органдармен қатар турбизнес өкілдерін: қонақ үй иелері мен менеджерлері, санаторийлер, қызмет көрсету саласындағы транспорттық компанияларды тартуға болады», - деді ол.

Сонымен қатар Абылай Мырзахметов нарықтағы ірі мұнай компанияларының да туризмге қызығушылық танытып отырғандығын айтты. Оның пікірінше, аталмыш компаниялар бұл саланың табысты екендігіне көз жеткізген.

«Олар туризм саласына арналған инвестициялық бағдарлама болғандығын талап етуде. Біз жылдың аяғына дейін сіздермен осы бағдарламаны дайындауды жоспарлап отырмыз. Туризм – мультипликативті жағынан үлкен әсер беретін салалардың бірі. Біздің ойымызша, осы сала Қазақстан экономикасының дамуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға жол ашады», - түйіндеді ойын А. Мырзахметов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер