Қазақстан туризмін дамытуға 1,5 трлн теңге қажет - Туризм|18 Қыркүйек 2018, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан туризмін дамытуға 1,5 трлн теңге қажет

Фото: Kazakh-tv.kz

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев «Бірлікке барар жолда» атты Жібек жолына қатысушы елдерінің халықаралық форумында Қазақстан туризмін дамыту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, елге туризмнен түсетін табыс ЖІӨ-нің 1%-ын құрайды. Жоспар бойынша 2023 жылға дейін бес жылда үлесі 5%-ға тең ауыл шаруашылығы саласын басып озып, бұл көрсеткіш 8%-ға жетуі қажет. Сондай-ақ, 2017 жылмен салыстырғанда туристер саны 22%-ға көбейген.

«Қажетті инфрақұрылымды салуға, жолдарды жөндеп, шау шаңғы курорттары мен Балқаш пен Алакөл секілді жағажай демалысында қызмет көрсету сапасын жақсартуға шамамен 1,5 триллион теңге қажет», - деді ол.

Дүйсенғалиев мемлекет пен бизнестің туризмге салған әр бір доллары алдағы уақытта 8 доллар боп қайтатынын айтты.

«Әзірге туризмге инвестиция салуға қызығып отырғандар қатары аз. Ол үшін инвесторларды жеңілдіктер мен артықшылықтар түрінде ынталандыруымыз керек. Компаниямыз соинвестор ретінде сыртқы инвесторларға көмектесе алады. Сондай-ақ іштегі инвесторлардға да жағдай жасау керек. Ең бірінші мемлекет туризмді инвестициялауы қажет. Әлемдік практика бұл саланың биліктің қарауынсыз дами алмайтынын көрсетіп отыр», - деп сөзін түйіндеді Дүйсенғалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер