BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан биыл туристер үшін қызықты 52 елдің қатарына енді

Туристер 2017 жылы міндетті түрде саяхаттап баруы тиіс мемлекеттердің ішінде Қазақстан да бар. Бұл тізімді белгілі америкалық The New York Times газеті жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жалпы, тізім 52 орыннан тұрады, Қазақстан 26-шы орынға жайғасқан.
Еліміздің бұл тізімге енуіне ЭКСПО-2017 көрмесі себеп болған. Басылым Астананың қарқынды өсімін , елордадағы ғажайып қонақүйлерді ерекше атап өтеді.
Сондай-ақ газеттегі материалда 2016 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына енген Тянь-Шань таулары сөз болған.
АҚШ-тың екі туристік компаниясы Қазақстанға туристік жолдамаларды сатуды бастап кеткен.
Америкалық газеттің 2017 жылға жасаған рейтінгісінде бірінші орында Канада, екінші Чили және үшінші орында Үндістан тұр. Тізімнің ең соңына Жапония жайғасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер