BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда және әлемде болған соңғы оқиғалар туризм саласының дамуына әсер еткен

Дамыған елдерде туризм ЖІӨ-нің 10%-ын құрайды. Ал Қазақстанда ЖІӨ-дегі үлесі 1%-ға жетпейді. Мысалы, бүгінде бұл көрсеткіш 0,9% құрайды. Себебі, еліміздің осы саланы дамытуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Дамыған елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің 10%-ын алып келеді. Себебі, 1 турист 10 жұмыс орнын алып келеді. Туризмда 1 орын өндірістегі жұмыс орнымен салыстырғанда 10 есе арзан. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1%-ғада жетпейді. Мысалы, республиканың ЖІӨ-дегі туризмнің үлесі 0,9 пайызды құрайды. Бізде осы саланы көтеруге әлеуетіміз жетеді. Сондықтан осы көрсеткішке 9%-ды қосуымыз керек», - деді басшы.

Марат Игалиев бұл мақсатқа жетуде «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің рөлі зор екендігін атап өтті.

«2017 жылы елімізде маңызды «ЭКСПО» халықаралық жобасы өтеді. Бұл өте жақсы мүмкіндік. Осы жоба аясында біздің министрлік арнайы жоспар құрды. Осының негізінде Астанада Сonvention бюросын жоспарланыр отыр. Бұл ұйым кәсіби түрде туризмді дамытатын болады. Қазақстан тарихында алғаш рет. Мамандар тиісті жұмыстар жүргізіде. Жобаның болашағы бар. Біз осы мүмкіндікті бүгін пайдалануымыз керек. «ЭКСПО» көрмесі 3 айда өтеді. Осы белгілі бір деңгейде үлес пайдамызды (дивиденды) алуымыз керек. Бұл елімізде туризмді дамытуға жол ашады», - деді ол.

Сондай-ақ, Туризм индустриясы департаментінің директорының айтуынша елімізде және әлемде болған соңғы оқиғалар елімізде туризм саласының дамуына әсер еткен.


«2016 жылы алғаш рет сыртқы және ішкі туризм көрсеткіштері жақсарды. Яғни 1 млн адам шетелге шықпай елімізде демалған. Мұның себебі, барлығына белгілі. Нақтырақ айтсақ, бұл қаржы секторындағы қиындықтар және әлемде болып соңғы оқиғалар. Бүгінде Еуропа мемлекеттерінде қауіпсіздікке, миграциялық сұрақтарға қатысты шешімін таппаған мәселелер бар. Сарапшылар, бүгінгі таңда туристердің Оңтүстік-Азия елдеріне жиі саяхатқа шығатындығын анықтаған. Біз тура осы жолда тұрмыз. Сондықтан Қазақстанның туристерді өзіне тартуға айқын мүмкіндігі бар», - деп түйіндеді сөзін М. Игалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер