Iшкi туризм қымбатшылығын жою үшiн бәсекенi дамыту керек – депутат - Туризм|06 Желтоқсан 2017, 17:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Iшкi туризм қымбатшылығын жою үшiн бәсекенi дамыту керек – депутат Эксклюзив

Қазiргi үлкен проблемалардың бiрi - iшкi туризмнiң қымбатшылығы. Оны жою үшiн бәсекенi дамыту керек. Бұл жайында Мәжiлiс депутаты Шавхат Өтемiсов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде «Iшкi туризмнiң жай-күйi: проблемалары мен келешегi туралы» отырыс өтiп жатыр. Жиынға дейiн берген сұхбатында Шавхат Өтемiсов жылына 6,5 млн турист iшкi туризм қызметiн пайдаланса, шетелге шығатындар саны 9 милионнан асатынын айтты.

«Шетелге шығу - бiздiң қазақстандық ақшаның шетел экономикасына жұмыс iстеуi. Туризмнiң Қазақстан IЖӨ-сiндегi үлесi 1,6 пайызды құрайды. Ал оның iшiнде iшкi туризм үлесi 1 пайыздан аз. Яғни, бiз iшкi туризмдi дамытуға қажеттi барлық жағдайдың болғанына қарамастан Қазақстанның мүмкiндiктерiн пайдалана алмай отырмыз. Осыған орай, туризмге келтiрiлiп отырған кедергiлердi алып тастауға көмектесетiн шаралар қабылдау қажет. Мәселен, инфрақұрылым, оның iшiнде жол мәселесiн, сондай-ақ туризм саласы мамандарының жетiспеушiлiгi проблемасын шешу керек», - дедi Өтемiсов.

Депутаттың айтуынша, қазiргi үлкен проблемалардың бiрi - iшкi туризмнiң қымбатшылығы.

«Өкiнiшке қарай, бiзде ешқандай негiз болмаса да туристiк өнiмдер бағасы шарықтап тұр. Менiң ойымша, бұны екi жолмен шешуге болады. Бiрiншiден, бiз бәсекелестiктi дамытуымыз керек. Өзiмiз де бiлемiз, ұсыныс көп болса, баға төмендейдi. Екiншiден, туристiк қоғам қазiр бiрден мол табысқа кенелгiсi келгенiмен, кейiн қызығушылық болмаса, бұл табыс көзi жойылатынын түсiнуi керек. Яғни, олар бағаның ұсынысқа сай келу керектiгiн түсiнуi тиiс. Өзiмiз де Бурабайдағы демалыс Түркиядағы демалыстан қымбат екенiн естiп жүрмiз. Бұл қисынсыз жағдай. Тағы бiр мәселе, мен туризм саласына мемлекеттiң көмегi қажет деп ойлаймын. Мәселен, мемлекет инфрақұрылымға, оның iшiнде жол сапасына жауап беруi керек», - дедi Шавхат Өтемiсов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер